• “Mini Garden”

          • Лицейімізде “Mini Garden” атты керемет жоба ұйымдастырылды. (Haberin Türkçe Metni Aşağıda Mevcuttur)
            Сайыстың шымылдығы оқушылар жасаған 8 жобамен ашылды. Оқушылармыз қолдарынан келгенше өздерінің тың ойларын “керемет бақша” арқылы көрсете білді. Әр жобаның өзіндік бір тарихы бар. Көрмеге қатысқан бір оқушымыз: “Біз жасаған керемет бақшада өсімдіктерден бастап, балықтарға дейін барлығы шынайы. Әлбетте біздің қиялымыздағы өмірдің өзі де шынайы. Адамдардың бейбітшілікте өмір сүріп жатқан мейірімге толы әлемді жасадық. Біз құрған бұл әлемді әсем де әдемі, хош иісті гүлдермен безендірдік. Топыраққа дән ектік және сол дәннің жеміс болып өсуін тағатсыздана күтеміз. Өз қолымызбен еккен жемісіміз күн жүзіне шығып, бой қөтеріп, жетіледі... Сол кезде қиялымыздағы әлем бүкіл кереметін көрсетеді... ” Ұйымдастырушылар атынан біз де оқушыларымыздың жобаларын және тың идеяларын жүзеге асыруға қолымыздан келгенше көмектесеміз. Болашаққа зор үмітпен қарай отырып, мына әлемнің Қазақстаннан үйренетін көп қыры бар деп білеміз. Жобаны ұйымдастырған және атсалысқан барлық мұғалімдеріміз бен оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз.

            Okulumuzda "Minyatür Bahçe Yarışması" gerçekleştirildi. Öğrencilerimiz bu sıradışı yarışmaya 8 proje ile katıldılar. Her bir öğrenci grubu kendi hayallerindeki dünyayı yansıtmaya çalıştı.Biyoloji bilgilerini kullanarak farklı bitki ve canlıları kendi kurdukları küçük dünyada sergilediler. Her bir projenin ayrı ayrı hikayesi vardı. Bir öğrencimiz sunumunda: ”Benim hayalimdeki bahçede, bitkilerden, balıklara kadar her şey gerçek. Hatta hayalimdeki bu dünyada yaşayan insanlar da gerçek. Kimsenin kimseyi üzmediği, herkesin barış içinde yaşadığı huzur dolu bir dünya kurdum. Kurduğum bu dünyayı işte bu çiçeklerle renklendirdim. Toprağa tohum attım, bu tohumların büyümesini sabırla bekleyeceğim. Tohumlar gün yüzüne çıkacak, boy verecek... İşte o zaman hayalimdeki dünya bütün güzelliğiyle belirecek... Biz de öğrencimizin hem projesini hem de hayalini önemsiyor, dünyanın geleceği adına umutlanıyor ve beraber yaşama kültürü adına, dünyanın Kazakistan’dan öğreneceği çok şey olduğunu düşünüyoruz. Emeği geçen öğretmen ve öğrencilerimizi kutluyoruz...

          • «Science Fair 2016» білім көрмесі

          •  

            «Science Fair 2016» білім көрмесі

            Құрметті Атыраулықтар және қаламыздың қонақтары!

            Сіздерді сәуірдің 20-жұлдызында лицейіміздің оқушылары ұйымдастыратын «Science Fair 2016» білім көрмесінің қонағы болуға шақырамыз. Ғылымның ғажайып әлеміне бірге саяхат жасайық!

            Өтетін орны: Атырау қазақ-түрік лицейі, Досмұхамбетова к-сі,10

            Dear fellow citizens, guests and visitors of Atyrau City!

            We are pleased to announce that Atyrau KTHS will be hosting the (biggest event of the year) - "Science fair -2016" and we invite you to discover the wonderful world of science together with our students!

            Venue: Atyrau, Dosmukhambetov Street 10.
            Time: 20th of April, 2016

          • Наурыз мерекесіне орай дайындық жұмыстары жүргізілуде

          •      

            Ертең, яғни 10-сәуір күні лицейімізде өтетін Наурыз мерекесіне орай дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ата-аналар комитетінің төрағасы Турсынбаев Ернурдың бастамасымен ата-аналарымыз қызу дайындықта. Наурыз мерекесінде ата-аналарымыз қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетеді.

          • Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі және Атырау қаласында ашылатын қазақ-түрік қыздар лицейінің 7-сыныбына қабылдау басталды.

            - Қабылдау емтиханы математика, логика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі бойынша тест түрінде өтеді.
            - Қабылдау емтиханына ағымдағы оқу жылының 6-сынып оқушылары жіберіледі.
            - Құжаттар 4-23 сәуір аралығында қабылданады.
            - Құжаттарды қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-18:00, сенбі 9:00-16:00.

            ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
            - емтиханға қатысу туралы ата-ананың өтініші;
            - оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
            - ата-анасының куәлігінің көшірмесі.

            Мекенжайымыз: Атырау қаласы, Досмұхамбетов көшесі, №10, тел: 32 85 54, факс: 32 90 72. www.atyrauktl.kz

          • "Діни экстремизм және терроризмге қарсы" кездесу

          •   

            18-наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шимшектің және педагог-психолог Ш.Ж.Жумагалиеваның ұйымдастыруымен "Діни экстремизм және терроризмге қарсы" тақырыбында кездесу өткізілді. Аталған кездесуге "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық қорының теолог маманы Аташев Айбек Асқарбекұлы қатысты. Айбек Асқарбекұлы оқушыларға толықтай мағлұмат берді.

        • Заголовок

        • Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.

          Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.