• "Ер борышы - ел қорғау"

          •       

            17-наурыз күні алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Н.Н.Темировтың ұйымдастыруымен "Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына" орай "Ер борышы - ел қорғау" атты әскери қолданбалы спорттан сайыс өткізілді. Сайысқа Атырау сервис колледжінің І курс студенттері және 10 "А, В" сынып оқушылары қатыстырылды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

          • Башаран Айберк "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.

          •     Атырау облысының 1998-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған облыстық волейбол жарысында, лицейіміздің 9 "А" сынып оқушысы Башаран Айберк "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталып, командасы ІІ орын иеленді.
            Öğrencimiz Ayberk Başaran Atrav'da gerçeklestirilen "Genç Voleybolcular" turnuvasında turnuvanın en iyi voleybolcusu seçildi. Kendisini kutluyor, başarılarının devamını diliyoruz.

          • "Жарқын болашақ" VІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының республикалық Батыс аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

          •          Атырау облысы Білім беру басқармасы және KATEV Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында "Жарқын болашақ" VІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының республикалық Батыс аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиадаға 4 облыстан жалпы саны 35 оқушы қатысты. І орын алған жүлдегерлерді Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы құттықтап, дипломдар және өзінің кітабын табыс етті. Әділқазы алқасының шешімімен Республикалық аймақтық олимпиадада жүзден жүйрік атанған оқушыларға "Халықаралық Тіл және мәдениет фестиваліне" жолдама берілді.

          • Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы лицейімізде қонақта

          •    

            Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы лицейіміздің материалдық-техникалық және электрондық оқыту жүйелерімен танысу мақсатында лицейімізде қонақта болды. Лицей ғимаратын аралау барысында, Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы сыныптардың жəне зертханалардың соңғы технологиямен жабдықталғанына көз жеткізіп, өте жоғары баға берді. Лицей директоры Исмаил Эльма қонаққа лицей жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы да мәлімет берді.

          • 1 наурыз - Алғыс айту күні

          •   

            1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шимшек және көркемдік жетекші С.А.Мулдашеваның ұйымдастыруымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешімізге «Достық үйі» этно бірлестік орталығынан «Армян» бірлестігінің өкілі Карапетян Александр Григорьевич қатысты. «Армян» бірлестігінің өкілі А.Г.Карапетян лицейіміздің кітапхана қорына "Атырау этностары" атты кітабын табыстады.

          • KATEV" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті лицейімізде қонақта

          •     

            Бүгін лицейімізде "KATEV" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Абдурахман Сел мырза және қазақ-түрік лицейлерінің аймақтық қураторлары қонақта. Қонақтарымыз лицей ұжымымен,оқу-материалдық техникасымен танысты. Абдурахман мырза өзі де химия пәні мұғалімі болған. Химия зертханасына кіргенде, зертханамызға қызыға қарап, жас маман Рамазанова Жұлдыз апаймен бірге эксперимент жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. "KATEV" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Абдурахман Сел мырза, лицейіміздің бүкіл Қазақстанға үлгі болатын мектеп екендігін айтып өтті.

        • Заголовок

        • Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.

          Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.