25-ақпан күні, 10-сынып ата-аналары үшін "Педконсилиум" ұйымдастырылды. Педконсилиум барысында, ата-ана әр пән мұғалімдерімен баласының білімін, тәрбиесін талқылады. Шара соңында ата-аналарымыз ризашылықтарын білдірді.
25-ақпан күні, 10-сынып ата-аналары үшін "Педконсилиум" ұйымдастырылды. Педконсилиум барысында, ата-ана әр пән мұғалімдерімен баласының білімін, тәрбиесін талқылады. Шара соңында ата-аналарымыз ризашылықтарын білдірді.
24-ақпан күні, өзін-өзі басқару комитеті президенті - Қайыржан Қуандықтың және лицей оқушыларының ұйымдастыруымен, "Тәрбиешілер күніне орай" мерекелік шара өткізілді. Аталған шараға ата-аналар, лицей мұғалімдері қатысты. Шара барысында әндер шырқалып, түрлі би көрсетілімімен қатар домбырада күйлер тартылды. Әсіресе әзілқой жігіттердің «Жайдарман» бағытындағы өнерлері көрермен тарапынан қолдау тапты. Ата-аналар тарапынан тәрбиешілер мерекесіне байланысты құттықтаулар айтылды.
Атырау облысы Білім беру басқармасы мен Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі ұйымдастырған жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының арасында "Жарқын болашақ" VІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 81 оқушы қатысты. Оқушылар 5 бағыт бойынша сынға түсті. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" оқушыларымыз марапатталды. І орын алған жеңімпаздарымыз Республикалық кезеңге жолдама алды. Әділқазы мүшелері оқушылардың дайындық деңгейінің жылдан-жылға артып келе жатқандығын атап өтті.
Кеше, Жылыой ауданы білім бөлім басшысымен бір топ мектеп директорлары лицейімізде қонақ болды. Қонақтарға оқу-тәрбие бөлімі мен жатақхана меңгерушілері лицейіміздің материалдық-техникалық базасымен, оқу және тәрбие жүйелерімен танысу мақсатында семинар өткізді.
9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген волейбол жарысының қорытындысы бойынша, І орын - 11 "В" сынып оқушылары, ІІ орын - 11 "А" сынып оқушылары, ІІІ орын - 10 "А" сынып оқушылары иеленді. 11 "В" сынып оқушысы Сон Владимир"Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік аясында, дене тәрбиесі пәні мұғалімі Е.У.Хисимовтың ұйымдастыруымен, "Мен, мектеп, ата-ана - бәріміз бір жанұя" атты ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және тәрбиешілер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша І орын - мұғалімдер командасы, ІІ орын ата-аналар және оқушылар командасы иеленді. Серіков Амандық "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік аясында, 11-ақпан күні көркемдік жетекші С.А.Мулдашева және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Н.Н.Темировтың ұйымдастыруымен, Ауған соғысының 27 жылдығы, Тәжік-ауған шекарасының шығарылғанына 15 жыл толуына орай «Елім деп соғар жүрегім» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне "Тәжік-ауған жауынгерлері" - Қ.Т.Қадырқұлов, К.С.Якупов, А.А.Шамшадинов және "Қарулы күштердің ардагері, запастағы полковник" - Д.М.Мұрзакулов, "Атырау қаласының қорғаныс департаментінің бастығы, подполковник" - Б.К.Жұмағұлов қатысты.
ТАМАША ЖАНАЛЫҚ!!!
Бүгін лицейімізде оқушыларымыздың ұйымдастыруыменен еліміздің басқа да оқу орындарына үлгі боларлық жаңа бір іс-шара бастау алды. Ең бірінші, мектебімізде тегін интернет желісі, ақысыз wi-fi орнатылды. Оқушыларымыз ақысыз ғаламтор жүйесіне қосылу үшін ұйымдастырушылардың берген сұрағына жауап берулері тиіс. Яғни, оқушыларымызға әртүрлі ғылым саласы бойынша күн сайын жаңа сұрақ беріліп отырады. Сол берілген сұрақтың жауабы wi-fi-дің құпия сөзі(паролі) болады.
Оқушылар берілген сұраққа дұрыс жауап беру арқылы тегін интернет жүйесіне қосыла алады. Осы іс-шараның арқасына оқушыларымыз тек қана тегін интернетті пайдаланып қоймай, сонымен бірге өздеріне пайдалы нәрселерді үйренетін болады.
Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты жолдауын лицейіміздің президенті Қайыржан Қуандық оқушылармен бірге талқылады. Аталған жолдау барысында, лицей оқушылары өздеріне толықтай мағлұмат алды.
Оқушыларымызға кәсіби бағдар беру мақсатында, "Қазақ-Британ техникалық университетінің" өкілдері лицей түлектерімен және ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында, KBTU өкілдері қазақ-түрік лицей оқушыларына жеңілдіктер болатынын хабарлады.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.
Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.
Powered by aSc EduPage