Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинеті мен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі ұйымдастырған «Білім берудегі инновация: Әдістеме мен тәжірибенің бірлігі іс жүзінде» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинет меңгерушілері және мектептердің оқу бөлім меңгерушілері қатысты. Семинарға келген қонақтар лицей мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтарына және оқу-тәрбие процесінде қолданылып жатқан заманауи-технология, жаңа электронды оқыту жүйелеріне өте риза болып, осындай семинарлардың жиі-жиі өтуіне тілектерін білдірді. Лицей директоры Исмаил Эльма білім, тәрбие саласында бар тәжірибемізді, жаңалықтарымызды бөлісуге дайын екенімізді айтты.