Лицей оқушыларымыз және мұғалімдеріміз, Ұлы Отан соғыс ардагері, Атырау облысының "Құрметті азаматы" Айбаров Айдын Аққалиұлымен кездесті. Айдын Аққалиұлы оқушыларымызбен ой бөлісіп, өзінің батасын берді.
Лицей оқушыларымыз және мұғалімдеріміз, Ұлы Отан соғыс ардагері, Атырау облысының "Құрметті азаматы" Айбаров Айдын Аққалиұлымен кездесті. Айдын Аққалиұлы оқушыларымызбен ой бөлісіп, өзінің батасын берді.
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, көркемдік жетекші С.А.Мулдашеваның және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Н.Темировтың ұйымдастыруымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары - ҚР Қарулы күштерінің ардагері, подполковник Б.Қ.Тұрдакунов және ҚР Қарулы күштерінің ардагері, ауған соғысының ардагері, полковник М.Абуұлы.
Лицей оқушыларымыз, ата-аналарымыз, мұғалімдеріміз Астана қаласында өткен Жарқын болашақ Халықаралық тіл және мәдениет фестивалін барып, тамашалап келді. Ата-аналарымыз фестивальдің жоғарғы деңгейде өткізілгендігін айтып өтіп, алғыстарын білдірді.
Лицейіміздің 7-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге Астана қаласына саяхатқа барды. Оқушыларымыз, ата-аналарымыз Нұрорда мектеп-лицейімен танысып, Астана қаласының көркем жерлерін тамашалады.
Халықаралық " IYIPO 2016 " ғылыми жоба жарысында 2 алтын, 2 қола!!!
Сәуірдің 21-24 күндері Грузияда өткен Халықаралық " IYIPO 2016 " ғылыми жоба жарысында лицей оқушыларымыз Ихсанов Алдияр, Ізбасқанов Дәурен алтын және Болатов Алмас, Махмед Медет қола жүлделерге ие болды!!!
Атырауымыздың көктемгі гүлденуіне орай және лицей ауласын көгалдандыруға байланысты лицей оқушыларымыз және мұғалімдеріміз жұмыс үстінде.
Мектеп оқушыларымыз және лицейіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Селман Шимшек ,1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай,"Қазақстан-Атырау" телеарнасының бейнебаянына құттықтау тілектерін жеткізді. 30 сәуір - 2 мамыр аралығында "Қазақстан-Атырау" телеарнасынан тамашалаңыздар!
Атырау қазақ-түрік ұлдар және қыздар лицейіне қабылдау емтиханы өз мәресінде өткізілді. Биылғы оқу жылына тапсырған оқушылар саны былтырғы оқу жылына қарағанда екі есе көп.
Білім көрмесі 2016 / Science fair 2016
Научная выставка 2016 / Bilim Fuarı 2016
Сәуірдің 20-жұлдызында лицейімізде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сайлауова Нұрсәуле ханым және Атырау облыстық білім саласы бақылау департаментінің басшысы Қали Бектұр мырзаның қатысуымен «Science Fair 2016» атты білім көрмесі болып өтті.
Көрмеде лицейіміздің оқушылары математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі, түрік тілі пәндері бойынша ғылыми-практикалық тәжірибелер көрсетіп, интеллектуалдық ойындар мен қызықты оқу жаттығуларын өткізді.
Білім көрмесін қала мектептерінен жалпы саны 1500 жуық оқушы келіп тамашалады.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.
Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.
Powered by aSc EduPage