Бір ай бұрын лицей ішінде оқушыларға арналған қазақстандық ғылыми-көпшілік «Oyla» және «National Geographic Қазақстан» журналдарын оқып, одан алған білімді тексеру мақсатында тест түрінде өтетін жарыстың ұйымдастырылатыны хабарланған болатын. Сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, велосипедке ие болам деген ой оқушыларымызды қос журнал бетін парақтауға жетеледі. Сонымен қойылған елу сұрақтан жоғары нәтиже көрсете білген лицейіміздің 9 сынып оқушысы ОРДАБАЕВ МАДИЯР жеңіске жетіп, су жаңа бағалы ВЕЛОСИПЕДКЕ ие болды. Журнал оқып, білімін шыңдап, жүлдеге ие болған Мадиярдың жетістігіне қуана білген сыныптастары өз қошеметтерін аямады. Мадияр болса "енді лицейге жаяу емес велосипедпен келемін..." деген уәдесін берді.Жарыс мақсаты шәкірттеріміздің ғылыми танымдық білімдерін жетілдіру, журнал, кітап оқуға деген ынталарын өсіру болатын.Осындай тың сайысты ұйымдастыруға ой салған лицей директорының мақсаты білім нәрімен сусындап жүрген оқушыларымыздың велосипедті пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыру. Оқу жылы ішінде жеңімпаздарға велосипед тарту ететін мектепішілік түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру өз жалғасын таппақ.#Atyraubilim #BIL #AtyrauBIL
БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ!
Адами капитал – жаңғыру негізі!
"ЖОЛДАУ ІЗІМЕН"
"Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады..."(ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауы)
Оқушыларға уақытты тиімді пайдалану
БІЛГЕНГЕ МАРЖАН!
Оқушылар дене бітімі, зеректік, сезімталдық қасиеттері мен қабілеттері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Бір оқушының өз еркімен және жылдам үйренген бір дәрісі басқа оқушыға қиынға соғуы мүмкін. Басқа оқушы тез шаршауы мүмкін немесе сол мезетте сабақ оқуға ынтасы болмауы мүмкін. Осы себепті дәріске немесе бір тақырыпқа кететін уақыт оқушыға қарай өзгере береді. Әр оқушы уақытты өзіне ыңғайлап тағайындайды.Бір сағат сабақ оқығаннан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау пайдалы болады. Осы арқылы бір сағаттық сабақтың соңындағы тараған зейін мен өнімділік қайта қалпына келеді. Сабақ оқу үшін қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін ойын-сауық пен спортқа да уақыт бөлу керек. Алайда бұл уақыт қажетті мөлшерден асып кетпеуі тиіс.Оқушылар арасында жасалған анкетаның нәтижесінде уақыт жоғалтуға себепші болатын басты факторлар ретінде ұялы телефонмен ойнау, сөйлесу, компьютер немесе планшетпен ойнау, достармен ойнау, теледидар көру және т.б. себептер анықталған. Жоғарыда атап өткеніміздей бұларда да шектен аспауға мән беру керек. Компьютер ойындарының, теледидардың тұтқынына айналып қалмау керек. Телефонмен ұзақ сөйлесулерден тыйылу қажет. Күн ішінде немесе апта ішінде жасайтын істеріңізді, мақсаттарыңызды белгілеп, жоспарлап, бұларды жазып жүру осы мақсаттарға жету, бұған ынталану және анализ жасау тұрғысында пайдалы болып келеді. Жазылған істерді маңыздылығына қарай ретке келтіріңіз және сіз үшін қайсыларының маңызды екендігіне сенімді болыңыз.
Уақытты тиімді пайдаланудың көмекші факторлары:
- Мақсаттарыңызға ден қойыңыз. Ең маңызды амалдарыңыз мақсатқа жетуде сізге ең пайдалы болатындары.
- Күнделікті мақсаттарыңызды, жоспарларыңызды белгілеңіз және орындаңыз.
- Уақытыңызды қалай қолданып жатқандығыңызды анализ жасау үшін периодтық түрде уақыт аралықтарын жазып отырыңыз. Жаман әдеттеріңіз бар болса оларды тастаңыз.
- Мақсаттарыңызға жету үшін атқарған әрбір ісіңізге анализ жасаңыз. Не істегеніңізді, қашан және не үшін істегеніңізді анықтаңыз. Өзіңізден «мұны істемесем не болар еді?» деп сұраңыз. Егер жауабы «ештеңе» болса, ол істі тоқтатыңыз.
- Уақытыңызды жоспарлаңыз. Әр апта үшін жоспар құрыңыз. Өз-өзіңізден сұраңыз: «Бұл аптаның соңына дейін не нәрселерді бітіруді көздеп отырсың және осы нәтижеге жету үшін не істеу қажет?»
- Әр күні жасалуы қажет істердің тізімін жазыңыз. Бұл тізімдегі күн ішіндегі мақсаттардың маңыздыларын орындау үшін шамамен қанша уақыт кететінін есепке алыңыз.
- Жалпылама күннің алғашқы сағаттары өнімдірек келеді.
- Орындайтын әр бір іс үшін үшін уақытын жоспарлаңыз.
- Кейбір істердің неліктен қате нәтиже бергенін анықтаңыз. Бұл сұрақтың жауабын тапқаныңызда мәселе өздігінен шешіледі.
- Бастаған ісіңізді соңына дейін бітіруді әдеттеніңіз. Бір істен басқа іске секіріп кетпеңіз, артыңызда жарым қалған бірнеше іс қалдырмаңыз. Кейінге қалдыруды, кешіктіруді тоқтатыңыз.
- Уақытты тиімді, жоспарлы пайдалануды күнделікті дағдыға айналдырыңыз. Мақсаттарыңызды белгілеңіз, бірінші реттегі орындалуы қажеттілерін реттеп уақытыңызды жоспарлаңыз.
- Жоспар құру, анализ жасау үшін күнделік арнауға болады. Бұл аталғандар оқушының ғана емес, үлкендердің де кәдесіне жарамды құралдар. (ақпарат www.bilim-all.kz сайтынан алынды)
Оқушыларымыз жеңіс тұғырында!
Кеше, яғни 2 қараша күні Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде еліміздегі барлық «Білім-инновация» лицей оқушылары арасында кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнирдің басталғандығын хабарлағанбыз. Жарысқа еліміздегі барлық «Білім-инновация» лицейлерінің 7-8-сынып оқушыларынан барлығы 27 команда қатысқан болатын. Бүгін қорытынды ойындар өтіп, жеңімпаздар анықталды. Ақтық сынға жолдама алған Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейі тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі 2 орынға ие болды. Ал 3 орын Павлодар «Білім-Инновация» лицейіне бұйырса, 1 орынды Дарынды балаларға арналған Жылыой лицейі жеңіп алды. Жерлестерімізді және өз оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жеңісті күндері жүздескенше!
Кездесу - Садық Шерімбек
Кеше, яғни 30 қазан күні Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінде оқушылардың қатысуымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын насихаттау бағытында «Болашағымыз IT - технология мен жастардың қолында» атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға «Интеллект Инкубатор» әлеуметтік институтының негізін қалаушы, «Білге» халықаралық мектептерінің құрылтайшысы, «Innovative Kazakhstan» компаниясының директоры Садық Шерімбек шақырылды. Күзгі демалыста жүрген оқушылармыз қызықты әрі маңызды тақырыптағы кездесу кешіне қызығушылық танытты. Ақпараттық технологиялар саласын тәмамдаған Садық Шерімбек бүгінде Үндістан елінде технологиялық жетістіктері мол компаниямен бірлесе жұмыс атқаруда екен. Мақсаттары еліміздің технологиялық әлеуетін арттыратын жобаларды жүзеге асыру. Өзінің техника саласына қалай келгені туралы сөз бастаған лицей мейманы, әңгіме арқауын IT саласының бүгіні, болашақтағы даму жолы мен маңызына бұрды. Оған қоса, Садық Шерімбек үнді еліндегі техникалық жетістіктерді де салыстырмалы түрде баяндап берді. Еңбекті роботтандыру, бағдарламалар жазу, IT саласының әрбір ғылымдағы орны мен маңыздылығы, өндіріске техникалық жаңалық енгізу, технократты елге айналу секілді тақырыптар да кездесу кешінде әңгіме барысына арқау болды. Еркін форматты өткен шарада оқушылар да өздері қызыққан мамандық, технология мен IT саласы төңірегіндегі сұрақтарын қойды.
Мұражайға саяхат
Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етері сөзсіз. Заттық және рухани құндылықтарды тани отырып тәлім-тәрбие беруде мұражайдың орны өте маңызды. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ту етіп, Атырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары 24 қазан, сейсенбі күні Атырау облысы тарихи өлкетану мұражайына саяхаттап барды. Мақсат туған жердің тарихымен танысу. Тарихқа үңілуге беттеген лицей оқушыларын мұражай қызметкерлері жарқын көңіл күймен қарсы алды. Оқушыларды екі топқа бөліп алған екі гид маман жастарды мұражай ішіндегі барлық көрме залында орналасқан тарихи құндылықтармен қызықтыра жүріп таныстырып берді. Бұдан оқушылардың тарихқа деген сауаты ашылып, танымын кеңейтті десек те болады. Мұражайға келген сәттен-ақ, оқушылар сол тарихи кезеңдерді елестетіп, тарихи рухын сезіне білді. Расымен де, мұражайлар өскелең ұрпақтың өз тарихын, ата-бабаларын, даналарын, ғұламаларын ұмытуға жол бермейді. Тарихта аты қалған тұлғалар мен тарихи оқиғалар оқушылардың патриоттық, адамгершілік сезімдері мен қасиеттерін оятып, дамытары сөзсіз. Олай болса, мұражайларға бару, өз тарихын, өткен мен бүгіннің бір-бірімен тығыз байланысты екенін білу, сезу қазіргі ұрпақтың адами борышы.
Breakthrough Junior Challenge 2017
This video explains what is a Game theory, how it works and where it can be useful. Also, it tells why it`s important to work in the team. Script & Actor: Otey Sanzhar CGI: Kirillov Kirill Teacher: Arman Shaninov
Балалар – болашағымыз!
«Балалар – болашағымыз!» Осындай тақырыппен 21 қазан күні Атырау «Білім-Инновация» лицейінде оқушыларымыздың ата-аналары үшін семинар дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті Алматы қаласынан «Бақытты отбасы» орталығының отбасылық коуч-тренері Елжас Ертайұлы өткізді.
Иә, әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады? Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Сондай-ақ, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан да, ата-аналар бала үшін ең бірінші «модель» болады. Міне, семинарда осындай сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Баланы ұлттық педагогика мен заманауи тәлім беру жолдары негізінде тәрбиелеудің кейбір әдіс-тәсілдері айтылды. Бұған қоса ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы қалыптастырудың жолдары да талқыланды. Ал ата-аналар болса бала тәрбиесіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарды ала білді. Шара соңында оқушыларымыздың ата-аналары осы семинарды тегін ұйымдастырып берген лицей басшылығына өз алғыстарын білдірді.
ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫ – ТҰНҒАН ҚАЗЫНА!
Өткен сенбі күні Атырау «Білім-Инновация» лицейінің 20-ға жуық оқушысы қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі Сарайшық қаласының тарихымен танысу мақсатында Махамбет ауданында орналасқан «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорыққа барып, мұражаймен, қазба жұмыстарымен танысып қайтты. Экскурсия Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Отаншылдықтың негізгі темірқазығы туған жерге деген махаббаттан басталары сөзсіз. Иә, елін, жерін сүйетін, Отанды қастерлейтін азаматтарды тәрбиелеуде осынау өткен тарихтың алар орны ерекше. Елбасы да өзінің бағдарламалық мақаласында тарихымыздың әрбір сәтін жастарға тереңірек таныту арқылы ұлттық құндылығымызды ұлықтап, рухани тұрғыда бай жастарды тәрбиелеуге ерекше ден қойды. Олай болса, біздің білім ордасы да өз оқушыларына туған жердің тарихын таныстыру мақсатында танымды іс-шаралар легін жалғастыра бермек.
Заголовок
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.
Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.