• Баскетболдан мектеп оқушылары арасында ашық біріншілік
          • Баскетболдан мектеп оқушылары арасында ашық біріншілік

          • 3-14 қазан күндері Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия қабырғасында «Рухани жаңғыру: Салауатты өмір – ұлт денсаулығының кепілі» тақырыбында баскетболдан мектеп оқушылары арасында ашық біріншілік ұйымдастырылған болатын. Спорт - денсаулық кепілі деген ұранды ұстанған оқу ордамыздың оқушылары да осы жарыста өз өнерлерін көрсетті. Тартысты ойын барысында Атырау «Білім-Инновация» лицейінің 8 - сынып оқушылары ақтық сынға жолдама алды. Бап пен бақ шапқан сайыс қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі екінші орынға ие болды. 
            Жеңісті күндері жүздескенше!

        • БІЗДІҢ ОҚУШЫ
          • БІЗДІҢ ОҚУШЫ

          • Хайреден Айбын 
            Атырау «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы.

            2016 жылы Алматы қаласында өткен информатикадан VІІІ Еуразиялық олимпиаданың ІІ орын иегері

            2017 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ орын иегері

            2017 жылы информатикадан ХІІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы «Қола алқа» иегері

            2017 жылы Мәскеу қаласында өткен Информатика пәнінен ашық олимпиаданың 2 дәрежелі диплом иесі.

        • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ!
          • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ!

          • Бүгін, 11 қазан күні Атырау "Білім-Инновация" лицейінің ғимаратында Атырау облысы Білім беру басқармасының Əдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен химия пәнінен жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары арасындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы республикалық олимпиаданың екінші кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиадаға жеті аудан мен облыс орталығы мектептерінен үздік деген барлығы 18 оқушы қатысты. Білім сайысында лицейіміздің 9-сынып оқушысы КЕНЖЕШОВ АЛМАЗ 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Енді, жеңімпаз оқушылар 31 қазан күні Павлодар қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады. Сайыс соңында сөз алған комиссия мүшелері оқушыларға білім бәйгесінде ерінбей талаптанып ізденуді насихат етті. Жеңісті күндері жүздескенше!

        • БІЗДІҢ ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ!
          • БІЗДІҢ ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ!

          • 10 қазан күні қаламыздағы "Ренессанс" қонақ үйінде Қала күніне орай Атырау қаласы әкімінің кубогы үшін шахматтан балалар және ересектер арасында турнир ұйымдастырылды. Сайысқа көрші Ақтөбе, Орал қалаларынан да қатысушылар келіп, бақтарын сынады. Жүзге тарта адам қатысқан шахмат турнирінен жасөсіріпімдер арасында Атырау "Білім-Инновация" лицейінің 8 сынып оқушысы ЖАМБЫЛ НҰРӘДІЛ өзгелерден оқ бойы озып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал ересектерден лицейіміздің шахмат үйірмесінің жетекшісі, шахматтан халықаралық спорт шебері Аманов Жәнібек ұтып алды. Айта кететін бір жәйт, Нұрәділ 6 жасынан бастап шахматпен айналыса бастаған. "Мен үшін оқуда озат болып, сабырлық пен төзімділікке үйрететін шахмат ойыны" дейді лицей тәрбиеленушісі. Ол бұған дейін де осы зияткерлік ойын түрінен бірнеше жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Турнир соңында жеңімпаздарға медаль, диплом және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Жеңісті күндерде жүздескенше!

        • ҒЫЛЫММЕН СЫРЛАС
          • ҒЫЛЫММЕН СЫРЛАС

          • Экзопланета — Күн жүйесінің сыртында орналасқан ғаламшар. Экзопланеталар да біздің жүйеміздің планеталары секілді бір жұлдызды айналып жүреді. Ең алғашқы экзопланета 1990 жылы ашылды. Бұл планета бір өшіп бара жатқан жұлдызды айналып жүрді.
            2017 жылдың басында ғалымдар 3 583 экзопланетаның бар екенін сенімді түрде растады. Олардың Құс жолы галактикасындағы жалпы саны 100 миллиард деп бағаланады. Бұл ғаламшарлардың 20%-дан астамы “жерге ұқсас” болуы мүмкін. Яғни, бұл ғаламшарларда жерге ұқсас жағдай байқалуы ықтимал екенін білдіреді. Әсіресе, ғалымдар күнге ұқсас жұлдыз TRAPPIST-1-дің маңындағы планеталар жүйесіне қызығушылық танытып отыр. Оның айналасында жеті ғаламшар айналып жүреді және олардың үшеуі мекен ету аймағында орналасқан. Бұл аймақ, оларда орналасқан планеталардың бетіндегі жағдай, Жердегі жағдайға жақын және оларда сұйық түрдегі су бар деген есепке орай анықталған. Бұл факторлар аталған планеталарда өмір сүре алу мүмкіндігін арттыра түседі.
            “Бұл жаңалық мекен етуге болатын әлемді, яғни тірі ағзаларға ие планеталарды іздеу барысында аса маңызды оқиға болуы мүмкін. Қазіргі таңда “Біз бүкіл Ғаламшарда жалғызбыз ба?” деген сұрақ келешектің негізі болып отыр. Сондықтан да бір уақыт ішінде, мекен ету аймағында мұншалықты көлемдегі экзопланеталарды аңғару сұрағымызға жауап алу жолында маңызды қадам болмақ”, - дейді НАСА ғылыми миссия дирекциясының директор орынбасары Томас Зурбухен.

        • Вело шеру
          • Вело шеру

          • Бүгін сағат 10:00-де қала күніне арналған велошеру ұйымдастырылды. Маршруты М. Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрынан бастап Махамбет, Азаттық, М. Әуезов, З. Ғұмаров, Қ. Сатпаев көшелері бойымен жаяу жүргіншілер көпіріне дейінгі аралықты қамтыды. Осы іс-шараға лицейіміздің оқушылары қатысып, ұмытылмас уақыт өткізіп келді!

          • "Ұстаз - ұлы есім"

          • Мұғалімдердің кәсіби мерекесі күні Атырау "Білім-Инновация" лицейінде оқушылардың «өзін-өзі басқару» бірлестігінің ұйымдастыруымен осы күні әрбір сыныптың ең үздік деген оқушысы өз сыныбына мұғалім орнына сабақ өткізді. Яғни, бұл күні ұстаздар дәріс беруден босап, өздерінің мектеп ішіндегі өзге жұмыстарымен айналысты. Осыдан соң «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінде оқушылар мұғалімдер арасында топтық білім сайысын өткізді. Бұл сайыста дәріс алушылардың емес дәріс берушілердің білімі мен бабы сынға түсті. Әрқайсысы төрт адамнан құрылған төрт топ өзара интеллектуалдық әрі логикалық мүмкіндіктерін көрсете білді. Сайыс соңында лицей тәрбиеленушілері ұстаздарына тосын сый жасады. Сынып жетекшілерін құттықтап келген оқушылар мұғалімдерге бөлме гүлін сыйлады. Бұған қоса өз ұлдарын білім-ғылыммен сырластыра білген тәлімгерлерді құттықтауға ата-аналар да лицейге ат басын бұрды. Жылы лебіз бен тілектерін аямаған ата-аналар да мұғалімдерді құрметке бөлей білді.
            Бұдан кейін «Мұғалімдер кабинетінде» мектеп ұстаздарына мерекелік құрмет дастарханы жайылды. Тәтті шәй басында лицей директоры Исмаил Эльма болса оқушыларды білім тұңғиығынан нәр алдыртып, ізгілік пен адамгершілікке баулып келе жатқан өз әріптестеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. 
            Түстен кейін лицейдің акт залында оқушылардың дайындауымен ұстаздар күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар жанкешті абзал жандар алдында өз өнерлерін паш етті. Бұл күн есте ұзақта қалсын деген ниетпен барын сала білген лицей тәрбиеленушілері әзілге құрылған қойылымдарымен залға жиналған ұстаздарды күлкіге қарық қыла білді. Екі езуді жыйғызбаған ойын түрлері концерттік бағдарламаның көркін аша түсті. Ал жаңа оқу жылында лицей қабырғасында ұстаздық қызметін бастаған үш жас мұғалімдерге мектептің кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Бұдан әрі өнерлі оқушылардың мерекелік ән-күйі мен ықыласқа толы тілектері концерттік бағдарламаның реңін құлпыртып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.
            Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді Атырау «Білім-Инновация» лицейінің атынан қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»... Иә, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

          • Мұғалімдер күні

          • Атырау «Білім-Инновация» лицейінің қабырғасында мұғалімдер күні үлкен дайындықпен ұйымдастырылды. Таң ата мектеп оқушылары жұмысқа келген ұстаздарын лицей ғимаратының кіре берісінен ерекше ілтипатпен қарсы алды. Қатарласа тұрып, тірі дәліз жасаған білім ордасының барлық сынып оқушыларының бұл әрекеттері мұғалімдерге деген құрметтің басы еді.

          • Күй

          • Лицейіміздің 10 сынып оқушысы Құмаров Ерасылдың керемет өнерін тамашалай отырыңыздар!

             

             

        • Ата-аналар спартакиадасы
          • Ата-аналар спартакиадасы

          • Өткен жексенбі лицей ата-аналары арасындағы дүбірлеткен доданың куәсі болдық! Таңмен таласа басталған тартысты шара күн кештете бір-ақ өз мәресіне жетті. Әсіресе, мектебіміз бойынша волейболдан былтырғы чемпиондарымыз бен жанкүйерлер жасаған үшін қызықты сәттер жалпы сайыстан тамаша әсер қалдырды! 
            Барлық сынып ата-аналары мен ұйымдастырушы ұжымға керемет көңіл күй үшін раxмет!

        • Заголовок

        • Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.

          Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.