• Конкурс қорытындылары туралы хаттама

          • Орта білім беру ұйымдарында білім
            алушыларды тамақтандыруды
            ұйымдастыру қағидаларына
            7-қосымшанысан

             

            Конкурс қорытындылары туралы хаттама

             

            «Асхана жабдықтарын сатып алу» конкурсы

             

                 Атырау қаласы                                              21.05.2018жыл

                                                                            жергілікті уақыт 12:00

            1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: 

                  1.Аманов Нурбек Камбарбекович, лицей директорының міндетін атқарушы,

                    комиссия төрағасы

                  2.Медетбаева Нургуль Адилхановна, бас есепші, комиссия  төрағасының орынбасары

                  3.Ахметова Жазира Кумаргалиевна, шаруашылық ісі жөніндегі директордың

                   орынбасары,  комиссия мүшесі

            1. «КОЛГУ ЛИМИТЕД» ЖШСәлеуетті өнім беруші өтінімі конкурсқақатысуға жіберілді.

                 3. Конкурстық комиссия өлшемдерге сәйкес қарастыру нәтижелері

                 бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

                   «Асхана жабдықтарын сатып алу»конкурсы конкурсқа қатысуға екі өтінімнен кем

                  өтінім ұсынылуына байланысты өткізілмеді деп танылсын.

                 4) «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік

                  мекемесінің комиссия хатшысы аталған конкурс қорытындылары туралы хаттаманың

                  мәтінін atyraubilim.kz интернет ресурсына орналастырсын.

             

                  Осы шешімге дауыс бергендер:

                  Жақтаушы дауыс:3

                  Аманов Нурбек Камбарбекович

                 Медетбаева Нургуль Адилхановна

                 Ахметова Жазира Кумаргалиевна

                 Қарсы дауыс:0 

             

                 Комиссия төрағасы:                            Аманов Нурбек Камбарбекович

                 Комиссия  төрағасының орынбасары:             Медетбаева Нургуль Адилхановна

                 Комиссия  мүшесі:                             Ахметова Жазира Кумаргалиевна

                 Комиссия хатшысы:                             Куптлеуова Жанат Жауынбаевна

          • Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама

          • Орта білім беру ұйымдарында білім
            алушыларды тамақтандыруды
            ұйымдастыру қағидаларына
            6-қосымшанысан

            Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама

             

             

                 Атырау қаласы                                             21.05.2018жыл

                                                                            жергілікті уақыт 11:00

             

            «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» коммуналдық

            мемлекеттік мекемесінің «Асхана жабдықтарын сатып алу» конкурсы

             

                  1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

                 1.Аманов Нурбек Камбарбекович, лицей директорының міндетін атқарушы,

                   комиссия төрағасы

                 2.Медетбаева Нургуль Адилхановна, бас есепші, комиссия  төрағасының орынбасары

                 3.Ахметова Жазира Кумаргалиевна, шаруашылық ісі жөніндегі директордың

                  орынбасары,  комиссия  мүшесі 

                 2018 жылдың 21 мамыры жергілікті уақыт 11:00 конкурсқа қатысуға өтінімдерді

                 қарады.

             

            1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенгедейін белгіленген 

                  мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушінің: «КОЛГУ ЛИМИТЕД» ЖШС

                   БИН:100440004882 Атырау қаласы И.Тайманов өткелі,58 6 офис 

                   Өтінім берген күні, уақыты: 18.05.2018ж. жергілікті уақыт 16:00

                   Өтінім қамтитын құжаттар тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдері конкурстық

                   комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланды.

             

            1. Өтінім қамтитын құжаттар тізбесі:
            1. Сатып алынатын тауарлар тізбесі (2 қосымша)
            2. Тауарлардың техникалық мінездемесі (3 қосымша)
            3. Конкурсқа қатысу өтінімі (5 қосымшы)
            4. Біліктілік туралы мәлімет (6 қосымша)
            5. Бағалық ұсыныс (түпнұсқа)
            6. Үлгілік шарт (9 қосымша)
            7. Өтінімді қамтамасыз ету түбіртегі (көшірме)
            8. Қосымша құн салығын төлеу жөніндегі куәлік
            9. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
            10. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама
            11. Жарғы (көшірме)

                   

            1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердіқарау нәтижелері

                  бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

                  «КОЛГУ ЛИМИТЕД» ЖШС әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілсін. 

                 

                  Осы шешімге дауыс бергендер:

                  Жақтаушы дауыс:3

                  Аманов Нурбек Камбарбекович

                 Медетбаева Нургуль Адилхановна

                 Ахметова Жазира Кумаргалиевна

                  Қарсы дауыс:0  

             

             

                 Комиссия төрағасы:                            Аманов Нурбек Камбарбекович

                 Комиссия  төрағасының орынбасары:             Медетбаева Нургуль Адилхановна

                 Комиссия  мүшесі:                             Ахметова Жазира Кумаргалиевна

                 Комиссия хатшысы:                             Куптлеуова Жанат Жауынбаевна

             

             

          • Конверттерді ашу хаттамасы

          • Орта білім беру ұйымдарында білім
            алушыларды тамақтандыруды
            ұйымдастыру қағидаларына
            5-қосымшанысан

            Конверттерді ашу хаттамасы

             

                 Атырау қаласы                                             21.05.2018жыл

                                                                            жергілікті уақыт 10:00

             

                Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: 

            1. Аманов Нурбек Камбарбекович, лицей директорының міндетін атқарушы, 

                   комиссия төрағасы

                   2. Медетбаева Нургуль Адилхановна, бас есепші, комиссия  төрағасының орынбасары

                   3. Ахметова Жазира Кумаргалиевна, шаруашылық ісі жөніндегі директордың

                   орынбасары,  комиссия мүшесі

             

                  2018 жылдың 21 мамыры жергілікті уақыт 10:00 Атырау қаласы Ж.Досмухамбетов

                  көшесі, 10 орналасқан «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» 

                  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Асхана жабдықтарын сатып алу» конкурсына 

                  қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді. Конкурстық құжаттама 

                  atyraubilim.kz интернет ресурсына орналастырылды. Белгіленген мерзімде конкурстық 

                  өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін, яғни, 2018 жыл 18 мамыр

                  жергілікті уақыт 16:00 конкурстық өтінімді ұсынған «КОЛГУ ЛИМИТЕД» ЖШС

                  БИН:100440004882 Атырау қаласы И.Тайманов өткелі,58 6 офис әлеуетті

                  өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу

                  кезінде комиссия құрамына конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар ұсынылды.

             

             

                  Комиссия төрағасы:                            Аманов Нурбек Камбарбекович

                 Комиссия  төрағасының орынбасары:             Медетбаева Нургуль Адилхановна

                 Комиссия  мүшесі:                             Ахметова Жазира Кумаргалиевна

                 Комиссия хатшысы:                             Куптлеуова Жанат Жауынбаевна

             

             

             

          • Конкурс туралы хабарландыру

          • «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ

            Атырау қаласы Ж.Досмухамбетов көшесі,10

            atyrauktl@mail.ru 27.04.2018 15:45

             

            Орта білім беру ұйымдарында білім
            алушыларды тамақтандыруды
            ұйымдастыру қағидаларына
            4-қосымшанысан

             

            Конкурс туралы хабарландыру

             

            «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ

            Атырау қаласы Ж.Досмухамбетов көшесі,10

            atyrauktl@mail.ru


              «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ

            білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру

            бойынша тауарларды сатып алу  жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды


            Орта білім беру ұйымдарында  білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу жөніндегі  конкурстық құжаттамаға  2-қосымша негізіндегі сатып алынатын тауарлардың тізбесі бойынша жалпы құны (4 687 500(Төрт миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын қаржыға асхана жабдықтарын сатып алу. 

             

            Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі: Келісім шартқа қол қойған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде.

             

            Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

             

            Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2018 жылғы 4 мамырға дейінгі мерзімді қоса алғанда Атырау қаласы, Ж.Досмухамбетов көшесі,10 мекенжай бойынша есепші бөліміне жергілікті уақыт 10:00 -ден 18:00-ге дейін немесе atyraubilim.kzинтернет-ресурсынан алуға болады.

             

            Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты»КММАтырау қаласы, Ж.Досмухамбетов көшесі,10 үй мекенжай бойынша есепші бөліміне жібереді.

             

            Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2018 жылдың 20 мамыр.

             

            Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2018 жылдың 21 мамырында жергілікті уақытпен 10:00 уақытта Атырау қаласы, Ж.Досмухамбетов көшесі,10 мекенжай бойынша есепші бөлімінде ашылады.

             

            Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8/7122/32-18-24.

            Орта білім беру ұйымдарында білім
            алушыларды тамақтандыруды
            ұйымдастыру қағидаларына
            2-қосымша

             

            Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
            ұйымдастыру бойынша тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі 
            конкурстық құжаттама

            Асхана жабдықтарын сатып алу

                  Конкурсты ұйымдастырушы «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ

                 Мекен-жайы: Атырау қаласы, Ж.Досмухамбетов көшесі,10

                 Байланыс тел:8/7122/32-18-24

                  БИН 970840001552

                 Банктік деректемелер: 

                           ЖСК KZ63070102KSN1501000

                  БИК KKMFKZ2A

                  «ҚР ҚМ Қазынашылық комиті» РММ

                 Электорндық почта: atyrauktl@mail.ru 

                   1. Жалпы ережелер

             1. Асхана жабдықтарын сатып алу мақсатында конкурс өткізіледі.

             2. Тауарларды сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 4 687 500(Төрт миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңгені құрайды. (ҚҚС-сыз) 

             2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

             1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін, тауарды жеткізушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

             2) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;

             3) осы конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

             4) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер

            ді;

             5) осы конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес таңдау өлшемшарттарды;

             6) осы конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша  тауарлардың жеткізілімі туралы үлгілік шартты қамтиды.

             

             

             

             

             

             

             

             

             

             

             


             

             

             

          • БІЗДІҢ МҰҒАЛІМ ЖҮЛДЕГЕР!

          • Атырау «Білім-Инновация» лицейінің математика пәнінің мұғалімі ТЫНЫШБЕК АНУАРБЕКОВ Орал қаласында математика пәні мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында ЖҮЛДЕЛІ 2 ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ!

            «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өткізілген шараға еліміздің барлық облыстарынан математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

            Ұйымдастырушылар математикалық жарыс ұстаздардың білімін тереңдетуге, өзара тәжірибе алмасуға септігін тигізеріне сенімді. Еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 17 топ қатысты. Әр топтың құрамында математика пәнінен сабақ беретін төрт мұғалім болды. Төрт кезеңнен тұратын жарыстың әр бөлімінде геометрия, алгебрадан қиындатылған үш тапсырмадан берілді.

            Олимпиада нәтижесінде 1 орынды БҚО-ның «Батыс» және Ақтөбе облысының «Экстрим» командалары жеңіп ал¬ды.

            2 орынды Алматы қа¬ласындағы республикалық физика-математикалық мектебі, Атырау облысының «Тетраэдр», Жамбыл облысының «Лидер 179» командалары иеленді.

            3 орын астаналық «Самғау», шығысқазақстандық «Шығыс» командаларының еншісіне бұйырды.

            Иә, қашанда шәкірттің білім саласында жетістікке жетуі білікті ұстазына тікелей байланысты. Олай болса жаңа замандағы сапалы білім беру ісінде білімді де білікті ұстаздарымыздың көп болуы ауадай қажет.

            Білім бәйгесінде білімділігімен танылған лицей ұстазы, жас маман Тынышбек ағайды жүлдесімен құттықтаймыз! #Atyraubilim #BIL #AtyrauBIL #BILmedia #BILnews

          • ЖҮЛДЕ ЖАУҒАН КҮН!

          • Лицей шәкірттері 98 медалға ие болды!🥇🥇🥇🏆🏆🏆

             

            Жуырда Астана қаласында "The World Scolar’s Cup” халықаралық сайыс ұйымдастырылды. Түрлі бағыт пен форматта болған жарыс тек ағылшын тілінде өтті.

            Бұл байқауға Атырау «Білім-Инновация» лицейі атынан 33 оқушы қатысты. Шәкірттеріміздің осы додада басты қаруы ағылғын тілін еркін меңгерулері мен өзге де пәндік білімдері мен қабілеттері болды.

            Халықаралық дәрежедегі жарысқа барлығы 400 оқушы қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар шет тілін терең меңгерген шәкірттер.

            Сайыс нәтижесінде лицей оқушылары 30 алтын және 68 күміс медальға ие болып, алдағы уақытта Испанияның Барселона қаласында өтетін «Global round» атты халықаралық сайысқа жолдама алды.

            Шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! 👏#Atyraubilim #BIL #AtyrauBIL #BILmedia #BILnews

          • ШӘКІРТІМІЗ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ! 🥉🥉🥉

          • Атырау «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы ЯТАРОВ РАСУЛ Қостанай қаласында ұйымдастырылған қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ҚОЛА МЕДАЛЬ иегері атанды.

            Расул өзіне жүктелген сенімді ақтап, еліміздің барлық аймағынан жиналған 602 оқушы арасынан оза шауып, жеңімпаздар қатарынан табыла білді.

            Бұл зияткерлік білім сайысында қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын, неміс, француз тілі пәндері бойынша еліміздің ең дарынды деген оқушылардың білімі сыналды.

            Лицей шәкіртің білім додасындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болғай!

            #Atyraubilim #BIL #AtyrauBIL

             #BILmedia #BILnews

          • СҮЙІНШІ! ЛИЦЕЙ ШӘКІРТІ ЭЙЛЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ!

          • Атырау «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Мырзатаев Айбек 22-24 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «X Леонарда Эйлер математика олимпиадасының» республикалық қорытынды сайысынан 2 орынды иеленді.

            ТМД елдерінде ұйымдастырылатын аталған олимпиаданың беделі жылдан жылға көтеріліп келеді. Өйткені білім сайысына қатысушылар саны да көбейіп келеді. Үш кезеңнен тұратын олимпиаданың қорытынды сайысына тек 50 оқушы ғана іріктелініп алынады.

            Жеңіпаздарды анықтау үшін елімізідің атақты деген математика ғылымының ғалымдары әділқазылар алқасы қатарынан табылады. Солардың бірі шетелге және елімізге танымал ғалым Асқар Жұмаділдаев.

            Түрлі деңгейдегі олимпиадаларда жеңімпаз атанып жүрген лицейіміздің шәкірті Мырзатаев Айбек бұл жолы да өзінің білімпаздығын көрсетіп, жүлдегер атанды.

            Білімге деген құштарлығы арқасында жетістікке жеткен оқушымызды және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болғай!

            #Atyraubilim #BIL #AtyrauBIL

            #BILmedia #BILnew

          • СҮЙІНШІ! ШӘКІРТТЕРІМІЗ ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ.

          • Бүгін, яғни 20 наурыз күні Атырау қаласында жаратылыстану-математика пән бағыттары бойынша XX республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

            Бес күн бұрын басталған олимпиадаға еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 19 команда қатысты.

            800-ге жуық оқушы қатысқан олимпиаданың марапаттау рәсімі Жайық спорт кешенінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Білім додасының жеңімпаздарын марапаттау үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келді.

            Сонымен, еліміздің басты БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ нәтижесі бойынша Атырау «Білім-Инновация» лицейінің шәкірттері республикалық пән олимпиадасында жүлделі 11 медальға ие болды. 1. Мырзатаев Айбек – II орын Математика2. Хайреден Айбын - II орын Информатика3. Тілекбай Бекзат - II орын Информатика4. Өтей Санжар - II орын Биология5. Нұрмағанбетов Асқарбек - II орын География6. Сағидулла Азамат – III орын Химия 7. Сериков Еркебулан - III орын Физика8. Хинатолла Нурберген – III орын Информатика9. Хисмет Рахим - III орын Информатика10. Жамбыл Нұрәділ - III орын Информатика11. Нұрқуатов Нұржан - III орын Математика

            Бұған қоса, олимпиада қорытындысы бойынша "ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА - 2018" номинациясы Атырау облысы командасына бұйырды. Осы марапатты облыс әкімінің қолынан лицейіміздің физика пәнінің мұғалімі Арнұр Қазыбеков алды.

            Еліміздің түкпір-түкпірінен келген, 800-ге жуық оқушылар арасынан үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көріне білген, ата-аналары мен ұстаздарының үміттерін ақтай білген шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта еліміздің өркендеуіне атсалысуларына тілектеспіз!

            Жеңісті күндер көп болғай!

            #Atyraubilim #BIL #AtyrauBIL

            #BILmedia #BILnews

        • Заголовок

        • Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.

          Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.