"Туған елді туы қылып жүректің" атты қазақ тілі, орыс тілі пәндер бірлестігінің апталығы аясында, 27-қаңтар күні қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Демеу Дидардың ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді.
"Туған елді туы қылып жүректің" атты қазақ тілі, орыс тілі пәндер бірлестігінің апталығы аясында, 27-қаңтар күні қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Демеу Дидардың ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді.
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназия базасында Б.Момышұлының 105 жылдығына арналған "Бауыржан Момышұлы мұрасы және оның негізінде жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мәселелері" атты оқушылар конференциясына лицей оқушылары (Ә.Аманжан, О.Болатбеков, Х.Мұхаммед, А. Сабитов) қатысып, баяндамаларын қорғады. Оқушылар мадақтамамен марапатталды.
"Туған елді туы қылып жүректің" атты қазақ тілі, орыс тілі пәндер бірлестігінің апталығы аясында, 27-қаңтар күні лицей кітапханашысы Л.Хасимованың және бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен "Атыраудың ақын-жазушылары" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Облыстық балалар кітапханасынан 5-9 сыныпты кітаппен қамтитын бөлім кітапхана меңгерушілері Рай Перизат Қалыбекқызы және Лесова Айгерім Қуанышкерейқызы келіп, кітапхана қорларынан кітаптар әкеліп, оқушыларды кітаптармен таныстырды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Хисимов Ербол ағайдың және лицей әкімшілігінің ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында воллейболдан турнир өткізілді.
25-29 қаңтар аралығы "Туған елді туы қылып жүректің" атты қазақ тілі, орыс тілі пәндері бірлестігінің апталығы басталды. Апталық - ұлттық ойындар, қазақтың салт-дәстүрлері және түрлі ашық сабақтармен бастау алды.
25-қаңтар күні оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" өкілдерімен кездесу өткізілді.
Астанада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық шағын-футбол турнирі басталды.
Атырау ҚТЛ облыстық олимпиадада жалпы саны 52 жүлделі орынға ие болып, Атырау облысы бойынша бірінші орынға қол жеткізді.
"VII Евразиялық олимпиададан" қола медальмен оралған оқушыларымызды, "Облыстық ғылыми жоба жарысынан орын алған және де "Білім тексеру сынағынан" жоғары ұпай жинап, Қазақ-түрік лицей оқушылары арасында, Республика бойынша жүздікке кірген оқушыларымызды марапаттау салтанаты өткізілді. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
23-желтоқсан күні "Апталықтың жабылу салтанаты" өткізілді.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.
Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.
Powered by aSc EduPage