• "Образование Казахского ханства"

          •    

            22-желтоқсан күні тарих пəні мұғалімі М.Булееваның ұйымдастыруымен "Образование Казахского ханства" тақырыбындағы 7 "А" сынып оқушыларына арналған ашық сабағы өткізілді.

          • "Елім деп соғады жүргім" 

          •    

            22-желтоқсан күні "тарих апталығы аясында", өзін-өзі тану пəні мұғаімі А.С.Мулдашеваның ұйымдастыруымен "Елім деп соғады жүргім" тақырыбында 8 "А" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді.

          •             Жеке тұлғаның қоршаған ортасы оның міңез- құлқының қалыптасуына жəне сыртқы ой-өрісінің кеңеюіне жағымды əсер қалдыратынын алға тарта отырып, біз оқушыларымызға қолымыздан келгенше таза, тəртіпті, эстетикалық жəне заманауи орта жасауға еңбек етудеміз. Осы ойларымызды жүзеге асыруға əрқашан қолдауларын көрсетіп келе жатқан Білім беру басқармасына жəне ата-аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!!!

          • 10 "Б" сыныбының Жаңа жылдық кеші

          •     

            10"Б" сыныбының ата-аналарына жасаған жаңа жылдық бағдарламадан көрініс. Жаңа жылдық бағдарламада оқушылар гитарада ойнап, ән шырқап. қызықты скечтермен ата-аналарын қуантты. Ербол ағайымызға және де 10"Б" сыныбына өткізген қызықты кеш үшін алғысымызды білдіреміз.

          • Шахматтан Халықаралық мастер, ҚР чемпионы, Азия вице-чемпионы – Аманов Жанибек және оның Американдық досы журналист, режиссер, шахбокс чемпионы Эндрю МакГрегормен кездесу кеші өткізілді.

          •       

            22-желтоқсан күні Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінде тағыда бір қызықты кездесу кеші өткізілді. Бұл кешіміздің құрметті қонақтары шахматтан Халықаралық мастер, ҚР чемпионы, Азия вице-чемпионы – Аманов Жанибек және оның Американдық досы журналист, режиссер, шахбокс чемпионы Эндрю МакГрегор болды. Кездесу кешінде Эндрю МакГрегор – өзінің өмірлік іс-тәжірибесін оқушылармен бөлісіп, қазіргі күнгі журналистика саласында сөз қозғады. Ол оқушыларға өзінің “робототехника”, “шахбокс” саласын дамыту жолындағы жаңа жобаларымен таныстырды. Ал, Аманов Жанибек шахматтың маңызы және оның елімізде дамуы туралы толық мағлұмат берді. Оқушыларға шахматтан мастеркласс көрсетілді. Және де Ж. Аманов лицейімізде шахмат үйірмесінің тұсауын кесті. Сонымен қатар, Ж. Аманов жақында жарық көрген өзінің «Modernized: The Open Sicilian» атты кітабын сыйлық ретінде лицей кітапханасына табыстады. Қонақтарымыздың сұхбаты оқушыларымыздың өмірге басқа қырынан қарауға, алдарына жаңа мақсаттар қоюларына мүмкіндік берді. Оқушылар өткізілген кездесу кешінен жақсы әсер алды.

            Yesterday, on 22rd of december another another exciting program took place in Atyrau KTL with honoured guests: master of sports in international class chess, vice-champion of Asia – Mr Zhanibek Amanov and his American friend - an inventor, writer, chess-boxing champion – Mr Andrew McGregor.
            It was a great opportunity for students to see the vision of world through the eyes of the winners and much fun to spend time and challenge themselves playing with the very guests!
            “Chess event was fascinating. It was just a pleasure to meet this kind of person in our school. His humanitarian projects are inspirational. Chess boxing is very entertaining, I want to try it one day.” (Nurbek Serikbaev, 11th grade student)

          • "Қазақ хандығы: тарих тұнған даламыз" атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

          •     

            14-23 желтоқсан аралығы "Тарих" апталығы аясында, 21-желтоқсан күні "Қазақ хандығының 550 жылдығына орай", "Қазақ хандығы: тарих тұнған даламыз" атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нағымов Шахман Нағымұлы шақыртылды. Облыстық конференцияда Атырау облысы дарынды балалар мектеп интернаты, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясы және Атырау облыстық қазақ-түрік лицей оқушыларының баяндамалары тыңдалды.

          • Патриоттық әндерден жарыс

          •        

            14-23 желтоқсан аралығы "Тарих" апталығы аясында, 19-желтоқсан күні "Тәуелсіздік күніне орай", лицей оқушылары арасында "Патриоттық әндерден" жарыс өткізілді.

          • "VII Евразиялық олимпиадада" оқушыларымыз қола медальмен марапатталды.

          •  

            12-13 желтоқсан аралығында Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби мемлекеттік университетінде өткен VII Евразиялық олимпиадада біздің лицейден қатысқан алты оқушымыз (Хайреден Айбын, Хисмет Раxим, Хинатолла Нұрберген, Айменов Альтаир, Баемиров Бекет, Тілекбай Бекзат) қола медальмен марапатталды. Оқушыларымызды, мұғалімдерін және ата-аналарын шын жүректен жетістіктерімен құттықтаймыз! Алда келе жатқан облыс және республика олимпиадаларында жүлделі орындар алуларына тілектеспіз.

        • Заголовок

        • Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.

          Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.