News

        • Құрметті қонақ
          • Құрметті қонақ

          • Лицейімізге оқушылармен кездесу өткізу үшін ақпан айының қонағы Халел Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы өткізгелі жатыр.

        • Ссылка: ?
          • 8"A" және 8"Б" сыныптары ата-аналарымен біріге отырып жаңа жыл кешін атап өтті. Еңбегі өткен баршаңызға алғысымызды білдіреміз. Жаңа жыл құтты болсын!

        • Ссылка: ?
          • Лицей директоры Исмаил Эльма мырза "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" үміткерлерінің ҰБТ нәтижелерін талқылау үстінде.

             — with İsmail Elma.

          • "Көптілді білім берудегі инновациялық технологиялар" атты республикалық семинар

          • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2014 жылы 28-29 қазан күндері «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» ММ базасында, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің (ДБММ) педагогтары үшін «Көптілді білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбында республикалық ғылыми- практикалық   семинар өткізілді.

            Семинардың мақсаты- әлемдік білім  кеңістігіне интеграциялану мақсатымен көптілділік жағдайында оқытудың іс-тәжірибесін алмасу, жастардың үш тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру және жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. 

            Семинар жұмысына «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Атырау облысы білім басқармасының өкілдері, мамандандырылған білім беру  ұйымдарының басшылары және пән мұғалімдері шақырылды.  Қатысушылар саны – 50.

            Пленарлық отырыстың жалғасы ретінде семинар тақырыбын толықтай ашу мақсатында Электронды журнал «Edupage» және білім берудегі әлеуметтік желі «Edmodo»  бойынша лицей директорының бейінді оқыту ісі жөнінен орынбасары Ж.Б.Жумагул және  математика пәні мұғалімі Ж.С.Рахимбаевтың «Жобалық жұмысқа негізделген білім беруді дамыту, бағалау бағдарламасы бойынша оқыту» және «ҰБТ-ға дайындық жұмыстары үрдісі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Ш.Тілеуқабыловтың презентациялары тыңдалды.

            Секция жұмыстарын инновациялық қамтылған төмендегі пән мұғалімдерінің ашық сабақтары жалғастырды: «Google және 3D модельдеу»  тақырыбында информатика пәні мұғалімі Э.К.Пириев, «Химиялық реакциялардың түрлері»  химия пәні мұғалімі Н.К.Аманов, «Мәтінді есептер» математика пәні мұғалімі Е.Н.Палжанов,  «Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату» математика пәні мұғалімі Ж.С.Рахимбаев, «Математикалық маятник арқылы гравитациялық үдеуді анықтау» физика пәні мұғалімі Б.О.Мамбетов,  «Экологиялық пирамида» биология пәні мұғалімі Ж.Б.Жумагул, «Қабілеттілік», ағылшын тілі пәні мұғалімі У.Озйурт,  «Есте сақтау тәсілдері және бейнероликтер арқылы сөз байлығын арттыру» ағылшын тілі пәні мұғалімі Е.Бахытттың ашық сабақтары ағылшын тілінде өтті. «Қазақ - қонақжай халық», қазақ тілі пәні мұғалімі Г.А.Мурзагалиева, «Мұрат Мөңкеұлы» қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Л.А.Омарханова, А.Құнанбаев «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Ш. Тілеуқабылов ашық сабақтарда Кембридж әдіс-тәсілдерін қолданды. «Урок развития речи» орыс тілі пәні мұғалімі К.М.Сейткалиева, «Ұлы Жібек жолы» тарих пәні мұғалімі М.Н.Аубакирова, «Үйіміз және үй жиһаздары» тақырыбына түрік тілі пәні мұғалімі Б.Хардал оқушыларды қызықтыра отырып түрік тілінде ашық сабақтар берді.

            Семинардың екінші күні толығымен тәрбие саласына арналды. Тәрбие ісі жөнінен директор орынбасары Э.К.Пириев «Тамыры терең тәрбие» атты сабағында лицейдің тәрбие үрдісіне шолу жасаса, сынып тәрбиешісі В.Ч.Алекперов «Жайна, Қазақстан – жаса, қазақ теңгесі!» атты ашық тәрбие сағатында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолын көрсете білді.

            Семинар қатысушылары мектеп оқушыларының «Жас қанат» шығармашылық кешін (көркемдік жетекшісі С.А.Мулдашева), тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тарих тағылымы – тәрбие бастауы» атты танымдық сурет көрмесін тамашалап, интернаттың жай-күйімен де танысты.

            Екі күнге созылған ғылыми-практикалық семинар дөңгелек стол басында  көптілділіктің болашағы мәселелерін  талқылаумен аяқталды.

            Республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысушылар  Семинар қорытындысында «Дарын» РҒПО,  қазақ-түрік лицейіне алғыстарын білдіре отырып, семинардың көңілдерінен шыққанын айтып өтті. Сөз соңында лицей басшысы И.Эльма  мен қазақ-түрік лицейінің ұстаздарын Алғыс хаттармен марапаттады.

        • Жалында жас өрен
          • Жалында жас өрен

          • Жуырда Бразилияда  өткен халықаралық "Mostratec" ғылыми жобалар сайысына қатысқан Атырау қазақ-түрік лицейінің 11 “A” сынып оқушысы Талғат Егізбаев жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтқан еді. Әлемнің 28 елінен  1200-дей  оқушы өздерінің 488 жобасын ұсынып , соның арасында күміс жүлдегер аталган Талғат тек облысымыздың ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің мақтанышы десек те болады.

            Дарынды оқушылар арасында топ жарған оқушымыз Талғат облыстық білім беру басқармасы басшысы  Берікқали Сәрсенғалиев мырзаның қабылдауында болды. Берікқали Сәрсенғалиев жас өреннің білім жолындағы алғашқы жетістігімен  құттықтап, алдағы уақыттарда  үлкен жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді.

            Талғаттың жетістігіне біз өте қуаныштымыз. Оның жетістігі қазақ-түрік лицейлерінің білім денгейінің жоғары екендігі көрсетеді. Халықаралық сайыстан II орын алу ­­– соның тағы бір айғағы.

            Аталмыш байқауға Қазақстаннан 40 оқушы барып, 14-і жүлделі орындарға ие болган. Талғат солардың қатарында. Еліміздің білім жолында мерейін асқақтататын жастарымыз көбейе берсін.

             

        • Мұғалімдер күні
          • Мұғалімдер күні

          • Жұма күні 03.10.2014ж. лицейімізде мұғалімдер күні аталып өтті. Мұғалімдерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

        • Президенттік сайлау
          • Президенттік сайлау

          • Өткен аптада лицейімізде оқушылар арасында президенттік сайлау өтті. Утешов Ержанды президент болуымен құттықтаймыз!

        • Заголовок

        • Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.

          Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. 

    • Contacts

      • "Білім-Инновация" лицейі
      • (87122)328554
        (87122)329072
      • Досмұхамбетов 10
        Kazakhstan
    • Логин

    Количество визитов: 218525