Байқоңырда «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ХІ ғылыми жарыста 11 сынып оқушымыз Мақсатов Данияр III дәрежелі дипломмен марапатталды.
News
Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен тәрбиелеу ісіндегі жеткен жетістіктері үшін лицей директоры Исмаил Эльма облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мырзаның қолынан вице-министр Е.Иманғалиевтің құрмет грамотасымен марапатталды.
Бүгін лицейімізде 22 наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама өтті.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы лицейімізде қонақта
Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы лицейіміздің қонағы болды.Есенғазы Нұртөлеуұлы мектебіміздің техникалық базасымен танысып, лицейімізге тек биіктерден көріне беруін тіледі.Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы лицейдің мәртебелі меймандарына арналған естелік кітабына білім алушылар мен ұжымға арнап өз тілегін қалдырды.
Математика-жаратылыстану бағытындағы республикалық олимпиада
Математика-жаратылыстану бағытындағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Барлығы 717 оқушы 13-18 наурыз аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы алты пәннен сынға түсті. Олардың білімін республиканың түрлі ЖОО-дарынан келген ғалымдардан құралған қазылар алқасы сараптап, мықтыларды анықтады. Лицейімізден 9-сыныптар арасында информатика пәнінен өнер көрсеткен Хайреден Айбын 3-дәрежелі дипломмен, 10-сыныптар арасында информатика пәнінен өнер көрсеткен Баемиров Бекет 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, оларды дайындаған мұғаліміне алғысымызды білдіреміз.
Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстарының V халықаралық конкурсында бағын сынап көрген оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды. Жолдасов Ануар 2-дәрежелі дипломмен, Адаев Алмас 2-дәрежелі дипломмен, Гаппари Данияр 2-дәрежелі дипломмен және Джаумбаев Бақтыбай 3-дәрежелі диполммен марапатталды. Оқушыларымызды шын жүректен жетістіктерімен құттықтаймыз!
Ғылыми жоба байқауы
Жуырда Оңтүстік Корея мемлекетінің Daejeon қаласында орналасқан Woosong университетінде өткен "International Young Scientist's Contest" ғылыми жоба байқауынан "Technical Science" секциясында Таукенов Айымхан 2-жүлделі орынмен, "Applied Mathematics" секциясында Тажигулов Дастан 2-жүлделі орынмен, "Biology" секциясында Шерниязов Алишер 2-жүлделі орынмен оралды. Оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, келешекте де биіктерден көріне берулерін тілейміз!
7-11 сыныптар арасында шахмат турнирі
6-наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік бағдарлама өткізілді.
Заголовок
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Sint, adipisci, quibusdam, ad ab quisquam esse aspernatur exercitationem aliquam at fugit omnis vitae recusandae eveniet.
Inventore, aliquam sequi nisi velit magnam accusamus reprehenderit nemo necessitatibus doloribus molestiae fugit repellat repudiandae dolor. Incidunt, nulla quidem illo suscipit nihil!Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit.