17-наурыз күні алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Н.Н.Темировтың ұйымдастыруымен "Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына" орай "Ер борышы - ел қорғау" атты әскери қолданбалы спорттан сайыс өткізілді. Сайысқа Атырау сервис колледжінің І курс студенттері және 10 "А, В" сынып оқушылары қатыстырылды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Атырау облысының 1998-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған облыстық волейбол жарысында, лицейіміздің 9 "А" сынып оқушысы Башаран Айберк "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталып, командасы ІІ орын иеленді.
Атырау облысы Білім беру басқармасы және KATEV Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында "Жарқын болашақ" VІІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының республикалық Батыс аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиадаға 4 облыстан жалпы саны 35 оқушы қатысты. І орын алған жүлдегерлерді Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы құттықтап, дипломдар және өзінің кітабын табыс етті. Әділқазы алқасының шешімімен Республикалық аймақтық олимпиадада жүзден жүйрік атанған оқушыларға "Халықаралық Тіл және мәдениет фестиваліне" жолдама берілді.

